maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Қызды қырық үйден тыю

Ертеде дана халқымыз: «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа,мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Алайда қазіргі кезде қызды қырық үйден тыю салты жойылып қыздарымыздың тәрбиесі әлсіреп, қоғамда көптеген келеңсіз оқиғалалар орын алуда. Қазақтың «қызды қырық үйден тыю» салтын еске түсіріп,қыздарымыздың бойына қазақтың өзіне тән құндылықтарды сіңірту керек.

Толығырақ ...

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – МӘРТЕБЕЛІ МІНДЕТ

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының теолог-маманы Т. Талдыбаев Атырау облысында іссапарда. Жұмыс сапарында түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланған. Солардың бірі «Атыраумұнайгаз» компаниясының цех басшыларымен кездесу өтті. Шара барысында Төлеген Өмірзақұлы азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде қандай жайттарға мән беру керек, әр түрлі көзқарастағы тұлғаларды тану жолдары секілді мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу