maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

РАТТ МҮШЕЛЕРІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

РАТТ МҮШЕЛЕРІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

2018 жылдың 17-19 қазан аралығында Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері (бұдан әрі – РАТТ мүшелері) Атырау облысында жұмыстарын жүргізді.

 

Жұмыс жоспарының басты мақсаты – Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру, діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру.

Топ құрамында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейітбеков, теолог М.Орынбай және Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы мешітінің бас имамы М.Құлсумақов бар.

Үш күндік іс-сапар барысында аталған мамандардың түрлі сала өкілдерімен кездесулері жоспарланған. РАТТ мүшелерінің алғашқы кездесуі Атырау облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты тергеу және түзету мекемелеріндегі (УГ-157/11, УГ-157/9, УГ-157/1) жазасын өтеушілермен жекелеген кездесулер, арнайы дәрістер өткізді.  

Сондай-ақ, РАТТ мүшелерінің облыс орталығында А.Чехов атындағы №14 мектеп оқушыларымен, Атырау қалалық «Сервис» колледжінің білімгерлерімен кездесу өткізіп, 18 қазан күні жергілікті дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы азаматтармен жекелеген түсіндірме жұмыстары, «Сұлтан Бейбарыс» және «Әт-тақуа» мешітінің жамағатымен кездесуде болды.

Онымен қоса, 19 қазанда РАТТ мүшелерінің жұмыстары Жылой ауданында Құлсары қаласында жалғасын табатын болады.

Жоғарыға