maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ислам – террорлық емес, ғылым діні (математиканы ашқан ғалымдар туралы)

Ислам – террорлық емес, ғылым діні (математиканы ашқан ғалымдар туралы)

Араб тіліне аудару үшін мұсылман ғалымдары заманының өзекті мәселелерін қамтыған грек шығармаларын зерттеу бағытын ұстанды. Олардың әуелгі кезекте қолға алған кітаптары астрономия және медицина болды. Астрономия практикалық пән еді. Себебі бұл ғылым мұсылмандар үшін күніне бес мәрте жасалатын құлшылық үшін Меккенің бағытын анықтайды. Математика да практикалық маңызға ие болғандықтан бұған мұсылман ғалымдары қызығушылықпен кірісті. Араб ғалымдары алғашқы қадамдарын дәл осы салада жасады.

 

Математика мен астрономияда әуелгі көрнекті ғалым әл-Хорезми. Еуропалықтар бұл ғалымды Алгорисмус (Alghoarismus) таныған. Алгоритм терминінің шығуы да тікелей осы есіммен байланысты.

Әл-Хорезми халифа әл-Мамунның уақытында Бәйт әл-Хикмада (даналық ұйі) аударма орталығында жұмыс жасап, 846 жылда қайтыс болады. Ерте заманғы танымал барлық ғылыми шығармалар дерлік осы орталықта араб тіліне аударылатын.

Әл-Хорезми халифа үшін Синд Хинд деген атаумен танымал бірнеше үнді астрономиялық кестелер жиынтығын жасады. Сондай-ақ, ғалым Птоломей географиясына негізделген дүниенің адам мекендеген бөлігін сипаттап жазып кеткен.  Дегенмен әл-Хорезмидің математикалық шығармалары анағұрлым кең тарқаты. Бұлардың бірі, «әл-Джебра» шығармасы алгебраның бастамасы саналып, бұл пәннің атауы да солай аталып кетті. Екінші шығармасы арифметика саласы бойынша (үнді шығармаларын санамағанда) қізіргі санау жүйесі (араб сандары) қолданылған арифметика саласындағы алғашқы еңбек.

Сандық жүйесіндегі ондық таңбалардың шығу тегі күні бүгінде дейін анық емес. Араб авторлыры бұл сандардың шығу төркіні үнділерден алынған десе де олардың ешбірі қандай да бір үнді шығармасына сілтеме бермеген. Дегенмен ғалымдардың басым көпшілігі араб сандарының төркіні үнділерден шыққан деген пікірді мақұл көреді.

Әл-Хорезми мен оның ізбасарлары арифметикалық әдістер арқылы түрлі математикалық операциялар жасау жолдарын ойлап тапты. Мысалы, квадрат түбір табу және т.б.

Латын тіліне аударылған шығармалардың арасында ән-Найризи (Anaritius)(922 жылы дүние салған), әл-Хайсамның  (Alhazen) (1039 жылы қайтыс болған) кітаптары болған.

Әл-Хайсам (Alhazen) өзінен бұрынғы гректердің және араб математиктері мен физиктерінің еңбектерімен жіті танысып, жаңа мәселелерді көтерді. Бүгінде ғалымның 50 шақты трактаттары сақталған. Бұлардың арасынан атақтысы «Китаб әл-маназир» (латын тіліндегі аудармасы Opticae thesaurus).

Әл-Хайсам бұл шығармасында өзінен бұрынғы Евклид пен Птоломейдің көрінетін сәуле көзден шығып, объектіге барады деген пайымдарын терістеп, керісінше сәуле объектіден көзге бағытталады деген тұжырымды дәлелдейді. Сонымен қатар мұнда әл-Хайсам қазіргі күнге дейін ғылымда «Әл-Ғазен мәселесі» деп аталатын мәселені көтеріп, төртінші дәрежелі есептерді шығару әдістерін ұсынады.

Ғалым жарықтың әйнек араларынан өту кезіндегі сәуленің рефракциясына қатысты түрлі пішіндегі айна-әйнектермен тәжірибелер жүргізді. Нәтижеде оның зерттеулері жер атмосферасының тығыздығын анықтауда көмек берді және үлкейтіп көру линзасы принципіне жақындай түсті.

(Адам Мецтің «Мусульманский ренессанс» кітабынан алынды).

 

Жалғас Садуахасұлы

Медиа

Жоғарыға