maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Жекеменшік мектептер діни білім бере алмайды

Жақын арада Дін істері және азаматтық қоғам министрі   Н.Б. Ермекбаев журналистерге берген сұқбатында елімізде жекеменшік мектептердің ашылуына қолданыстағы заңнамалар бойынша қандай ба бір кедергі жоқ деп санайтынын мәлімдеді.

Толығырақ ...

«Талақ» мәселенің шешімі емес

Бақытжан ЖОЛДАСОВ,

«Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы:

«Талақ» мәселенің шешімі емес

- Тұтас отбасының тағдырын бір ғана «талақ» сөзімен шеше салу шариғатқа қаншалықты сәйкес келеді?

- Өкінішке орай, қоғамымызда болып жатқан бұл жағдайлар дінімізге де, ділімізге де жат дүниелер. Шариғатта «талақ» айтылған жердің өзінде әп дегеннен ажырасып кетуге тыйым салынған. Яғни, талақ айтылғаннан кейін де жұп белгілі бір уақытқа дейін бірге тұруға міндетті. Мұның артында жұпты татуластырып, отбасын сақтау ниеті жатыр. Жалпы, қоғамдағы ажырасу, заңсыз неке мәселелерінің көбеюіне жастардың бірін-бірі түсінбеуі және діни ілімнің таяздығы себеп болып отыр. Негізгі факторлардың қатарында баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың жауапкершілікті жеткілікті сезінбеуін де атап өтуге болады.

- «Талақ» қандай жағдайда айтылады? Және қандай жағдайда ол өзінің күшіне енеді?

    - «Талақ» эмоциямен айтылмайды. Яғни, ұрыс-керіс басталып кеткен кезде, ашуға беріліп, «талақ» сөзін айтуға шариғат тыйым салған.  Әдетте, «әйел адам ер жігіттің қабырғасынан жаратылған» деген сөз бар. Қабырғаны түзеймін деп қатты күш салуға да болмайды. Себебі, қабырға майысып кетеді. Шариғатта да әйелдің кемшілігі болған жағдайда оған аса назар аудармауға шақырады. Яғни, бұл - жұбайыңыздың жақсы жағына көбірек көңіл бөліңіз деген сөз. Ақиқатында ислам отбасының беріктігін, тұтастығын қолдайды.

   - Оңды-солды айтылған «талақ» мәселесі соңғы кездері тексіз ұрпақтың көбеюіне әкеліп соғып жатыр. Қолдан-қолға өтіп, соңында баласының әкесі нақты кім екенін айтудан қиналатын келіншектерді көріп, әңгімесін естіп те жүрміз. Осындай лас тірлікті исламды жамылып ақтап алғысы келетіндер де бар... Жалпы, осындай деңгейге дейін құлдырау қаншалықты орынды?

   - Шыны керек, бұл айтып отырғандарыңыз исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жағдайлар. Екінші жағынан мұны исламды мазақ етумен де теңестіруге болады. Себебі, дін адамның ойынан шығарылған нәрсе емес. Демек, «талақ», «некесіз сәби» деген мәселелер әлдекімдердің көңіл қалауымен болып жатқан жағдаяттар. Алланың өзі қасиетті Құранда ең алдымен имандылыққа, ізеттілікке үндейтінін ұмытпайық.

           Бір ғана неке қию рәсімін ойлап қарасақ, ислам осы қадамның өзінде көптеген шарттардың орындалуын талап етеді. Шариғат бойынша неке қиюда үш бірдей негізгі талап орындалуы керек. Біріншіден, неке қию үшін қалыңдықтың әкесінен рұқсат алынуы міндетті. Әкесі қашанда қызының бақташысы, яғни, оны бағып-қаққан адам. Әкесі болмаса, күйеу жігіт тарапы әкесінің ағасынан не інісінен рұқсат алуы керек. Қазақта да «ата-ананың батасын алу» деген керемет дәстүр бар. Ислам ғалымдары да осы үрдісті басшылыққа алуды бұйырады. Екіншіден, некенің қиылуына қос куәгер керек. Және ол куәгерлер жұбайлардың жақын туыстары болғаны абзал. Неге? Айталық, жұбайлардың мінездері үйлеспей немесе бір-бірімен түсініспей қалған жағдайда, оларды татуластыратын ең алдымен куәгерлері болады. Одан кейін әйелдің хақысы, яғни, сыйлық берілуі керек. Осы үш шарт орындалғаннан кейін ғана неке қиылады. Ал, жат идеологияға уланғандар бұл шарттардың бірде бірін орындап жатқан жоқ.

    - Неке алдындағы жауапкершілік кімнен сұралады? Отбасындағы ер мен әйелдің парызы, міндеттері туралы айта отырсаңыз?

- Құранда ер адамдардың әйел адамдарға қарағанда үстем екендігі айтылады. Жаңсақ пиғылдылар мұны қате түсінеді. Сөйтеді де мағынаны бұрмалау, теріс пәтуа айту мәселесі шығады. Яғни, жат ағымдағылар «мен нені қаласам, сол орындалуы керек» деген оймен әйелге күш қолданып жатады. Бұл өте қате. Шынтуайтына келгенде, «үстем» деген сөз ер адамның отбасын асыраушы, қорған ретіндегі роліне маңыз беру мағынасында қолданылып отыр. Қай заманда да ер азамат нәпақа табушы, отбасын барлық керек-жарағымен қамтамасыз ететін адам ретінде айтылып келді. Демек, өзінің қанатының астындағы балапанды құстар қалай қорғаштаса, ер адам да отбасына солай қарауы керек. Ал, әйелдің басты парызы – отбасының берекесін келтіру, күйеуіне мойынсұну және балаға тиісті деңгейде тәрбие беру.

    - Отбасы дегеннен шығады, «намаз оқымайтындардың барлығы кәпір» деген түсінікті желеу еткендер көп жағдайда өзін тәрбиелеп-баққан ата-аналарынан безініп жатады. Жалпы, осы мәселенің исламдағы үкімі қандай?

    - Ең, алдымен біз Құранның адамзаттың өмір сүру Конституциясы екендігіне назар аударуға тиіспіз. Құранда Аллаға құлшылық жасау және әке-шешеге құрмет көрсету мәселесі ерекше айтылады. Қараңызшы, Ұлы Жаратушымыз сондай құдіретті бола тұра, әке-шешені өзінен кейінгі екінші орынға қойып тұр. Керемет пе? Керемет! «Әке-шешелеріңмен жақсы мәміледе болыңдар» деген өсиеттің өзі  сіздің сұрағыңызға толыққанды жауап беріп тұр деп ойлаймын.

      - Дінді ұстануды әлемнен бөліну, қоғамнан ажырау түрінде көрсеткісі келетіндер де бар...

    - Ислам діні – фанатизм емес. Себебі, Алла Тағала бізге бұл дүниеде де, ол дүниеде де жақсылық беруші. Сондықтан да, тіршілікте ғибадатымызды жасап, о дүниені де ұмытпауымыз керек. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дәуірінде де мүшріктер, басқа діндегілер болды. Мұсылмандар олармен сауда-саттық жасады, өзара байланыста өмір сүрді. Демек, қай нәрсенің де ортасын алып, гармонияда тіршілік кешуге еш нәрсе де кедергі бола алмайды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА. 

Толығырақ ...

Омар ЖӘЛЕЛ. Мұсылмандық бес парызбен толықпайды

Мұсылманның парызы қайсы? Міндеті не? Құлшылық пен тіршілік қайтсе қабысады? Бүгінгі күннің әрбір мұсылман баласына ой салатын әңгімені филология ғылымының кандидаты, профессор Омар Жәлел тарқатып берді. Назарларыңызға ұсынамыз.

Толығырақ ...

Балғабек Мырзаев . ҚҰРАНДА БІЛІМ АЛУ ОРАМАЛДАН БҰРЫН ПАРЫЗ БОЛҒАН

Білім және ғылым министрлігі барлық орта мектептер, колледждер, лицейлер үшін міндетті форма талаптарын бекіткен. Ол білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешелік белгілерін жоюға бағытталғаны белгілі. Сонымен қатар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай мектеп формасының үлгісін, түсін регламенттейді. Алайда, бүгінде еліміздегі орта білім беру мекемелеріне қыз балалардың орамал тағып келуі мәселесі өзекті болуда. Осыған орай, теология ғылымдарының докторы, белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаевпен әңгімелескен едік.

Толығырақ ...

Қалмахан ЕРЖАН . Ата-ананы сыйлау жиһад жасаудан да жоғары

Діни мәселелерге байланысты перзенті ата-анаға деген құрметін жоғалтқанын, ағайынның арасы алыстай түскенін қоғамда көріп жүрміз. Неге дінге бет бұрдық деген кей жастардың ата-анаға құрметі кеміді? Ата-ананы сыйламау әдепсіздік пе, әлде, күнә ма? Келіннің үлкендерге сәлем салуы шынымен де ширк пе? Осы және өзге де сұрақтарға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің доценті, белгілі ислам зерттеушісі, ғалым Қалмахан Ержан «Kazislam» порталына жауап берген еді.

 

Толығырақ ...

Ершат Оңғаров. ТАЛАҚ ДЕП ТАҚЫЛДАҒАНДАР ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА БАЛТА ШАБАДЫ

Жасыратыны жоқ, қазір елімізде шайқалған шаңырақтар мен ойран болған отбасылар саны күн санап көбеюде. Оған енді «Талақ!» деп тақылдайтын жастар шығып жатыр. Бұрын қазақ қоғамында ақ неке деген ұғымның орны қандай еді осы?

Неке халқымызда қасиетті ұғым. Сондықтан оны жәй ғана неке деп емес, ақ неке, ақ некелі асыл жарым, құдай қосқан қосағым, ақ отауым, ақ шаңырағым деп ерекше құрметтеген. Асыл аналарымыз бен ардақты әкелеріміз қара басының қамынан отбасы-ошақ қасының татулығын бірінші орынға қойған. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бұрын әжелеріміз отбасында болып жатқан түсініспеушіліктерді сыртқа білдірмеген. Барлығын ақылмен, сабырмен өзара шешіп отырған.  Қашан да «ұят болады» деген сөз саналарында тұратын.

Толығырақ ...

Досай Кенжетай. Исламда қыз балаға бірінші кезекте орамал емес, білім алу парыз

Қазіргі таңда қоғам мен мектеп арасында хижап мәселесі жиі дау тудырып, өзекті дүниеге айналды. Өзге ұстанымдағы қандастарымыз зайырлы мемлекеттің заң талаптарын елемей, қыздарын жалпы білім беру ошақтарына тұмшалап жіберуі көпшілік тарапынан талқыға айналғаны қашан. Бір қызығы, балиғатқа толмай басына «қара жамылған» қаракөздерді қолдайтындар да бар. Ұлттың ертеңін ойлап, улап-шулағандар да жетерлік. Мәселенің мәнісін философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетайдан сұраған едік…

Толығырақ ...

Добровольная изоляция

Сколько женщин, чьи мужья в основном придерживаются нетрадиционных религиозных взглядов и порой отбывают сроки наказания за колючей проволокой, остаются изолированными от общества. Чаще по своей вине, ведь все связи как с родителями, так и с родственниками разорваны в силу принятых религиозных убеждений. И когда настигают различные жизненные проблемы помочь-то некому.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу