maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Аташев Айбек Асқарбекұлы

Аташев Айбек Асқарбекұлы

1984 жылы 27 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

1990 – 2001 жж. Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте оқыды.

2001–2002 жж. Алматыдағы Шетел тілдерін оқыту орталығында араб, түрік, ағылшын тілдері және дін саласы бойынша дайындық курсында білім алған.

 

2002 – 2006 жж. Шымкент қаласындағы Отырар (Халықаралық Қазақ-Араб) университетінің тарих факультетін үздік бітірген.

2006 – 2008 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасында дінтану мамандығы бойынша білім алған.

2007 – 2010 жж. Алматы және Астана қалаларындағы Түркияның Қазақстандағы Елшіліктерінде асистент – аудармашы қызметін атқарған.

2010 – 2012 жж. Астана қаласында «Мейірімділік жолы – 2010» қоғамдық қорында Қор директорының орынбасары болған.

2011 – 2012 жж.  ҚМБД-ның Астана медресесінде мұғалім.

2012 – 2014 жж. ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласы бойынша өкілі.

2014 жылдан бастап «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры директорының орынбасары, теолог қызметін атқаруда

 

 

Медиа

Осы категориядағы басқа материалдар: « Жұмағұл Қанат Әділханұлы
Жоғарыға