maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

«Ғасыр дерті - суицид»

Ағымдағы жылғы 19 ақпан күні «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Атырау қаласы ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне «Ғасыр дерті - суицид» тақырыбында кездесу өткізді.

Мақсаты: Өмір сүрудің мән-маңызын түсіндіріп, құштарлығын арттыру. Суицид – сенімге селқос қарағандар арасында таралатынын, шариғат шарттарына сай келмейтінін жеткізу. 

Аталған шараға «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының теологы Омаров Мухиддин Асқарұлы қатысты.

Шара барысында М.Омаров– Ең бірінші жаратушы Алла адам баласын жаратып өмір берді. Өмірді алатында Алла. Сондықтан бізге Жаратушы өз-өзімізге қол салуға қатаң тиым салды. Судың да сұрауы бар дегендей біз біріншіден Алла алдында жауап береміз. Екіншіден Ата-ананың алдында жауап береміз деп суицидтің ғасыр дерті екендігін айтты. Адам баласын жаратқан Алла болса қияметте Жаратушының алдында адам баласының жастық шағынан сұралады. Сол себепті уақытты тиімді пайдалау басты міндет болып табылады. Түрлі қиындықтарға тап болған жағдайда оның шығатын жолы рухани жағдай дей келе,  хадистер, аяттармен түсіндіріп өтті.  

Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға теолог Мухиддин Асқарұлы толыққанды жауаптер берілді. Кездесуге 50 қызметкер қатысты.

 

«Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметі



Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу