maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Әбу Ханифаның еңбектері

Әбу Ханифаның еңбектері

 Әбу Ханифаның еңбектері:

1. әл-Фиқһул-әкбар

Ең үлкен фиқһ деген мағынаға саятын бұл кітап – әһлу-суннаның ақидасын қамтыған сан салалы еңбек.

Осы кітабында төрт халифа тұсындағы шынайы Ислам рухын көрсете білгендіктен, Имам Ағзамды мужәддид деген ғалымдар да болған.

2. әл-Фиқһул-әбсат

Әбу Ханифаның өз кіндігінен тараған ұлы Хаммад, шәкірттері Әбу Юсуф пен Әбул-Мутғи әл-Хәкәмның риуаяттарымен жеткен ақидаға қатысты кітап.

3.   әл-Алим уәл-мутааллим

Әһлу-сунна ақидасын түсіндіріп, қорғау мақсатында сұрақ-жауап түрінде жазылған кітап. Оны шәкірті Әбу Муқатил Хафс ибн Сәләм әс-Самарқанди жеткізген.

4.   әр-Рисәлә

Әбу Ханифа Басраның қазысы Осман әл-Баттиға арнап жазған бұл шығармасында ақидаға қатысты мәселелерде өзіне айтылған сыни пікірлерге жауап берген.

5. әл-Уәсия

Әбу Ханифаның баласы Хаммадқа, шәкірттері Әбу Юсуф (ө 182/793) және Юсуф ибн Халид әс-Сәмти мен достарына арнап жазған рисәлалары (шағын кітапшалар) бар[1].

6. Муснәду-Әби Ханифа

Әбу Ханифаның фиқһ дәрістерінде қолданған хадистерін шәкірттері жинастырған кітап. Кейбір деректерде ол «Китабул-әсәр» деп те аталады.

7.   әл-Қасида әл Кәфия ән-Нұғмания фи мәдхин-Нәби

Пайғамбарымызға арналып жазылған мадақ жыры.

8.   Мужәдәлә ли әхәдид-Дәхриин

Дәхри, яғни, құдайдың бар екенін мойындамайтын атеистпен пікірталасын қамтыған кітапша[2].

 


[1] Осылардың ішінде «әл-Уасия» қазақ тіліне аударылды. Қараңыз: Қ. Жұмағұлов // Имам Әбу Ханифаның өсиеті, Ислам және өркениет газеті, №10 (226), 1-10 сәуір, 2011, 6-б.; Ақидаға қатысты кітаптары мен қолжазба нұсқаларына қатысты кеңірек мәлімет алу үшін қараңыз: Беязизаде Ахмет Эфенди, Имам-ы азм Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, баспаға дайындап аударған І. Челеби, Стамбул, 2000, 26-34-б.

 [2] Кітаптарының мазмұнына қатысты кең көлемді мәлімет алу үшін қараңыз: Беязизаде, Имамы Азам Ебу Ханифенин итикади гөрүшлери, 25-37; Сахабеден гүнүмүзе Аллаһ достлары, 4-т., 302-307-б.

 

Медиа

Жоғарыға