maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Иман негіздері және тіршілік

Аллаға шүкір, бүгінгі таңда Ислам дініне бет бұрып, иманды өмірді таңдағандар күн санап артып келеді. Бұл, әрине қуанарлық жағдай. Бірақ шариғаттың қандай заңдары бар, мұсылман адамның өмір-тіршілігі қандай болуға тиіс дегенде, көп адамның тосылып қалатын  жағдайларын да байқаймыз. Үйреніп-білгісі келсе де, уақыт таппай, уақыт болса, оқитын кітап таппай, тапқан кітабынан керекті мәлімет ала алмай жүрген жандар жиі ұшырасады. Сондықтан бүгін асыл дініміздің ең негізгі қағидалары туралы аз кем әңгіме өрбітуді жөн көрдік. Бір адам мұсылмандықты ұстанам деген байламға келген адам алдымен не істейді?

Толығырақ ...

МҰСЫЛМАННЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Ислам – жер мен көктің, бүкіл жаратылыстың жалғыз иесі Алла Тағаладан адам баласының ең ардақты, әрі ең сенімді тұлғасы Мұхаммед Мұстафаға түсірілген ең соңғы иләһи дін.

Ислам – адамзатты күпірліктен иманға, надандықтан білімге, зорлық-зомбылықтан парасатқа, қиянаттан әділетке, алауыздықтан ынтымаққа, көр кеуде пақырлықтан жүрек байлығына, қысқасы қаптаған қара түнектен жарық нұрға шығаратын ақиқат дін.

Толығырақ ...

ИСЛАМ БЕС ПАРЫЗДАН ҒАНА ТҰРА МА?

Сонымен қатар мұсылмандық құры ауыз сөзді емес, сонымен қатар үлкен ғимарат соққандағыдай едәуір еңбекті де қажет етеді. Адамның өз жандүниесіне құрған мұсылмандығы неғұрлым мықты іргетасқа салынса оған қаланған кірпіштері неғұрлым мықты болса, оның екі дүниедегі пайдасы да соншалық мол болмақ. Сондықтан болар ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ислам бес негізге тұрғызылған» деп, оны ғимаратқ салуға ұқсатып түсіндіреді.

Толығырақ ...

Есте сақтау қабілетіңіз нашарласа...

Көп адам есте сақтау қабілетіне шағым жасайтынын білеміз. Олар көбінесе, оқыған, көрген, білген дүниелерді жадында сақтай алмайтынын айтады. Біреулер мұны экологиямен байланыстырса, тағы біреулер жастың ұлғаюымен байланыстырады. Алайда ауасы таза аймақтың тұрғынары да, қалшылдаған жастар да осы мәселеге ұшырап жатқанын ескерсек, мұның төркіні басқа жақта екеніне көз жетеді.

Толығырақ ...

ЖАР ТАҢДАУДА ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ!

Кез келген бойдақ үйленсем деп үмітті. Алла Тағала құлдарын жұп болып өмір сүруге құмар етіп жаратқан. Еркек те, әйел де жанұя құрып, шаңырақ көтергенде ғана шынайы бақыттың дәмін сезбек. Бұл жайлы қасиетті Құранда көптеген аяттар бар. Осы ретте отау құруға ниет еткен жастардың ең үлкен сауалдарының бірі жар таңдауға байланысты екендігі анық.

Толығырақ ...

Ақ неке не үшін бұзылуда?

Ислам дініндегі ең маңызды құндылықтардың бірі – адал неке. Неке адамзат тарихында алғашқы адамнан, яғни Адам атамыздан бері жалғасып келеді. Неке немесе отбасы адам баласы үшін өте-мөте қасиетті ұғым. Өйткені отбасы екі бірдей адамның екі дүниелік тағдырына қатысы бар нәрсе. Екі түрлі табиғаттағы екі адамның Алланың алдында, неке куәгерлерінің және екі жақтың туған-туыс, дос-жарандарының алдында өз қалаулары бойынша, бір-бірінің ризашылығымен тек бұл дүниеде ғана емес, арғы өмірде де бірге боламыз деп жария уәде беруін «неке» дейміз.

Толығырақ ...

ЖАРАТҚАНҒА ДҰҒА ЕТУДІҢ МӘН-МАҢЫЗЫ

Адам – өте әлсіз, қажеттілігі көп, мүмкіндігі шектеулі, өмірі қысқа жаратылыс. Жер мен көктен, от пен судан, жын-шайтаннан келетін барша жамандыққа өздігінен төтеп бере алмайтын, ауру мен ажалға қарсы тұра алмайтын, әуре-сарсаңға көп салынатын тым осал тіршілік иесі. Бірақ соған қарамастан, арман-тілегі мен үміті таудай үлкен. Сонымен қатар, ол жанға, қанға, ризық-несібе, бала-шаға, денсаулық, уақыт, өмір, күш-қуат, су, ауаға, сол сияқты бұлардан басқа да мың сан нығметтерге мұқтаж. Жағдайдың ақиқаты осы. Олай болса, адам баласы бәрінен бұрын өзін жаратқан, жан берген, өмір сыйлаған Жаратушы иесіне мұқтаж.

Толығырақ ...

ҰЯТ – ИМАННАН

Абай атамыз он алтыншы қара сөзінде: «Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады» - деп, ұят жаратылысына сипаттама берген. Сондай-ақ «Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа алып, сөгіс қылған қысымның аты» деп анықтама да берген.

Толығырақ ...

БОС СӨЗ БЕН АМАЛДЫҢ АЙЫРМАСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

Бүгінде әркімнің өмір сүру стандарты бар. Жүріп-тұру, сөз сөйлеу, киім кию, адамдармен қарым-қатынас, сауда-саттық жасау – күнделікті тіршілік, міне осындай бөлшектерден тұрады. Алайда оған негіз болатын өлшемдерді қайдан алып жүрміз? Біреу кинодан, біреу журналдан, біреу шығыстан, енді біреу батыстан тәлім алады. «Ағаш ағашқа қарап сәнін алады, адам адамға қарап тәлім алады».

Толығырақ ...

ТІЛДІ ЖАМАН СӨЗДЕН ТЫЮ – АЛЛАНЫҢ ӘМІРІ

Бүгінгі қоғамға жетпей жатқан не нәрсе десек, ол – шынайы ықыласпен жасалған амал. Шынайы мұсылманша өмір сүру, сөзден іске көш.  Мысалы, қоғамды оттай отап жатқан өсек-сөздің жаман екенін кім білмейді. Жұрттың бәрі біледі. Алайда осы бір кесірлі кесел арамыздан азайып жатқан жоқ. Бір кездері ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тілін саусағымен ұстап тұрып, басқа бәленің сол тілден келетінін аңғартып кеткен жоқ па еді? Иә, орынсыз жерде сөз айтқаннан үндемеген абзал екенін, даналық үндемеуден басталатынын баршамыз да білеміз. Бірақ амалымыз оған кереғар. Неге?

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу