maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Құрбан шалу тарихының бастау арналары

«Құрбан» – құлшылықпен Аллаға жақындау деген мағынаны білдіреді.

Құрбандық шалу тек қана мал союмен ғана шектеліп қоймайды. Бұл құлшылықта адамның шын пейілі мен ниеті, тақуалығы, діни бұйрықтарға деген бекемдігімен қатар, адамзатқа деген жанашырлығы әділет таразысына тартылып, пенденің жомарттығы мен сараңдығы қоса сыналатын аса маңызды ғибадат.

Толығырақ ...

Зекет – Исламның көпірі

Бүгінгі таңда қазақ қоғамы әлеуметтік  тұрғыдан бай мен кедей табынан тұрмайды десеңіз де, шын өмірде сол әлеуметтік теңсіздіктің бар екені де рас.

Жетіспеушілік кесірінен отбасылар шайқалып, жүйкесі жұқарған кейбір қандас бауырларымыздың өз-өзіне қол жұмсап жатқандарын да көріп, естіп жүрміз. Ендеше, «біреу тоңып секірсе, екінші бірі тойып секірген» заманда жоқ-жітіктің жағдайын қалай шеше аламыз? Бұл жайлы дініміз не дейді?

Толығырақ ...

Зекет – байлықтың қорғаны

Хасан әңгімелеуде:

Бір күні Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы», – деді. Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға құлақ салып тыңдап отырды. Пайғамбар сөзін айтып бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының зекетін берді.

Толығырақ ...

Зекет – мейірім шапағы

«Зекет» сөзінің тілдік мағынасы – «тазарту, артылу, өсу» дегенді білдіреді. Ал шариғат термині ретінде «белгілі деңгейдегі мал-мүліктің белгілі бір бөлігін Алла Тағала белгілеген кейбір мұсылмандарға мүлік етіп беру» деген мағынаға саяды.

Толығырақ ...

Зекет – бес парыздың бірі

Қазақ халқы – ықылым заманнан-ақ Ислам дінінің қадір-қасиетін терең түсініп, бес парызға ерекше мән берген халық. Өйткені, бес парыз – кісіліктің үлгісі, адамдық ар-ұяттың өлшемі. Осы орай да халқымыз «Ұят кімде болса –  иман сонда» деп бекер айтқан жоқ.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу