maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Құран бағыштау діннен адасушылық па?

Бүгінгі таңда марқұмдардың атынан ас беру бидғат, сәлем салу ширк, фитнә деп дәстүрімізді жоққа шығаратын алып-қашпа сөздерді құлағымыз шалып жатады. Әсте, мұндай бөлінушілік пен дәстүрді жоққа шығарушылық қазаққа қайдан келді?

Толығырақ ...

Бейіт басына топырақ салудың сыры

Халық даналығында «топырағы торқа болсын», «келін енесінің топырағынан жаралған екен» деген сөздер бар. Мұның астарында адам баласының о баста топырақтан жаралғандығына, оның түптің түбінде топыраққа қайтатынын білдіретін ишарат тұр. Бұл ақиқат Құран аятында былайша баяндалады: «...Сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, тараласыңдар...» («Рум» сүресі, 20-аят). Шортанбай Қанайұлы бұл аяттарды төрт жол өлең шумағына сыйғызып, былай деген:

Толығырақ ...

Азан шақырып, ат қоюдың хикметі

«Өмір – бұл намазсыз азан мен азансыз намаз аралығындай уақыт қана». Тәмсіл жалған дүниенің көзді ашып жұмғанша өте шығатын қамшы сабындай қысқалығын меңзейді. Иә, бір қарағанда түсініксіз көрінеді. Яғни,  намазсыз азан немесе азансыз намаз болушы ма еді?

Толығырақ ...

ҚҰЛШЫЛЫҚ ТІРШІЛІКТІ ӘСЕМДЕУІ КЕРЕК

Сүйікті Пайғамбарымыз, екі дүние сұлтаны, Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) бір күні сахабаларымен бірге сұхбат құрып отырғанында бір кісі келіп, жақсылық жайлы сұрады. Сол кезде Алла Тағала Пайғамбарымызға Құран кәрімнің мына бір аятын түсірді: «Кәміл жақсылық деген жүздеріңді шығысқа немесе батысқа бұрғандарың емес. Шын мәнінде, нағыз жақсылық Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірген, мал-мүлкін Алла разылығы үшін жақындарына, жетімдерге, жоқ-жұқаналарға, жолда қалған ғаріптерге, сұраушыларға және азаттық қалайтын тұтқындар мен құлдарға берген, намаздарын кемеліне келтіріп, тұп-тура орындаған, зекеттерін өтеген, келісім жасаса, сөзінде тұрған, қиыншылыққа тап болған және сырқаттанған кездерінде, сондай-ақ қан майдан соғыс кезінде сабыр еткен адамдардың істері.» («Бақара» сүресі, 177-аят).

Толығырақ ...

Құран – еш міні жоқ қасиетті кітап

Түсінгенге қасиетті Құраннан қадірлі, Құраннан қастерлі, Құраннан әсерлі, Құраннан артық, Құраннан жақын, Құраннан жылы, Құраннан сіңімді, Құраннан мінсіз ешбір сөз жоқ! Өйткені Құран – күллі болмыстың жалғыз иесі Алланың сөзі. Бұл дүниеде дәл Құрандай шексіз құрметке ие еш кітап жоқ. Осынау аса қадірлі кітап алғашқы аяты түскен күннен бастап, бүгінге дейін сан мыңдаған ғылыми еңбектердің, шығармалардың, зерттеулердің алтын арқауы болып келді. Мұсылман әлемінің барша ғұламасы қасиетті Құранға кез келген мәселені шешудің қайнар көзі ретінде жүгініп келгені мәлім. Құранның еш уақытта сарқылмас бұлағынан бүгінгі таңда адамзат баласы қол жеткізген өркениет атаулы өз бастауын алған десек, артық айтпағанымыз.

Толығырақ ...

НАМАЗ – ЖАННЫҢ ДАУАСЫ

Аллаға шүкір, қазіргі таңда елімізде мұсылмандар саны артуда. Әсіресе, жастардың имандылыққа ықыласты болуы қуантады. Алайда кей жағдайда жасаған құлшылық, оқыған намаздарымыздың адамның өмір сүру салтына зәредей де әсер етпейтін кездері ұшырасып жатады.  Мысалы, намаз оқып жүрсе де, дөрекі сөз айта салатын, қолымен күнәлі іс жасай салатын адамдар кездеседі. Намаз оқушыға жараспайтын өзге де мінездер байқалып қалады. Күн сайын намаз оқып жүргеннің өзінде одан тиісті пайда ала алмай жүргендер қанша? Мұның бәрі намаздың мәнін түсіне алмаған жайттан туындап жатқан қателіктер болса керек. Сондықтан осы бір ғажайып құлшылықтың кейбір қырларына шама-шарқымызша тоқталып өтуді жөн көрдік.

Толығырақ ...

ШЫНАЙЫ СЕНІМ – ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ ӨЗЕГІ

Қоғамда кейде мұсылмандықты намазбен ғана байланыстырып, намазбен ғана шектейтіндер ұшырасады. Алайда намаздан бұрын тұратын нәрсе бар. Ол – Аллаға деген сенім. Сенім өз орнында болғанда ғана өзге құлшылықтар белгілі бір құнға ие болады. Намазды бастап алып тастап кеткендер болса, бұл – сенімнің шикілігінің айғағы. Сондай-ақ, күнәнің жасалуы да иманның әлсіздігінен. Демек, құлшылық жасау жолында сенімнің алар орны зор. Алла Тағала қасиетті Құранның «Рахман» сүресінде былай дейді: «Алла тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір-біріне араласпайды» (Рахман сүресі, 19-20-аяттар).

Толығырақ ...

Құрбанның көлеңкесін шалып жүрмейік!

Бұл дүниеден Мәуләна Жалаладдин Руми деген әулие құл өткен. Сол кісі құрбан шалуды тек сыртқы жағынан ғана түсініп, ішкі рухани тереңдігіне бойлай алмай жүргендерге: «Ешкінің көлеңкесін ғана шалып жүрмеңдер!» деп ескерту жасап отырады екен. Өйткені құрбандық шалудың мәні – малдың етінде де, қанында да емес. Тіпті базардағы нарқы қымбат малды сатып алып шалуда да емес. Құрбан айтта шалынған малдың ет-қаны мен сүйегі оның көлеңкесі іспетті де, шын мәні тереңінде, яғни Алла жолында адал еңбекпен тапқан барымызды пида ете алатын ақ ниетімізде! Алланың разылығын тапсам деген тақуалықта! Қасиетті Құранның тағылымы бойынша Аллаға пендеден жететіні де – сол!  (Қараңыз: «Хаж» сүресі, 37-аят). Соған жете алсақ, соған шыдай алсақ, онда Құдайдың бергені! Жүрегімізде Аллаға деген шынайы иман-ықыластың болғаны!

Толығырақ ...

НАМАЗДЫ ТАҚИЯ КИІП ОҚУ ШАРТ ПА?

Ер кісіге намазды тақия және сол сияқты бас киім киіп оқу – мұстахап. Ал, имамдыққа шыққан адамның тақиясы болғаны мақұлдырақ. Себебі, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) солай оқыған. Имам Науауи: «Ер кісіге ең жақсы киімін киіп және тақияда намаз оқуы – мұстахап[1]», – деп жазған.

Толығырақ ...

Құлшылығыңа ұқыпты бол

Құлшылықтың мәні – Ұлы Жаратушы тарапынан бізге тегін тарту етілген сан жетпес жақсылық, ризық, нығмет үшін алғысымызды құлшылық арқылы білдіріп, Оның алдында қарыздар екенімізді мойындау. Айналамызды қоршап тұрған күллі болмыс атаулы тек қана біз үшін жаратылған. Алла Тағала өзінің шексіз құдыретімен оларды әлсіз, дәрменсіз адам баласының қызметіне бас идірген. Алып табиғатты, жан-жануарларды Ұлы Жаратушы өзі бас идірмесе оларды күшпен бағындыруға адам баласының қауқары жетпейді. Алла Тағаланың біздерге берген нығметін санар болсақ оны айтып жеткізу мүмкін емес. Ал енді осыншама нығметке бөлеген Ұлы Аллаға құлшылық жасағанда ұқыптылықпен ықыласпен орындау керек. Осы орайда құлшылықтың кілті болып саналатын дәреттің мәні өте зор. Дәретке немқұрайдылықпен қарау құлшылығымызға кері әсерін тигізері хақ. Бір күні Расулулла (с.а.с.) жамағатпен таң намазын өткізген еді. Намазда «Рум» сүресін оқып жатып шатасып кетеді. Пайғамбарымыз намазын аяқтаған соң жамағатқа қарай бұрылып: «Кейбіреулер намазға дәретсіз келгендіктен, шайтан Құран оқығанда шатасып кетуімізге себеп болуда. Намазға  келгендеріңде  дәреттеріңді жақсылап алыңдар!»деді (Ахмед III). Демек, намазға бастамас бұрын тазаланудың, яғни  дәретті жүйелі түрде алудың жасаған құлшылығымыздың дұрыс болуы үшін маңызы өте зор. Бір күні табиғин буынынан саналатын Әбу Хазым сахаба Әбу һурайраның (р.а.) дәрет алғанда қолдарын қолтығына дейін жуғанын көреді.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу