maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Мәсәд сүресінің түсірілу тарихы

Мәсәд сүресі Меккеде түскен. Сүренің атауы Мәсәд сүресіндегі  мәсәд сөзімен байланысты. Сондай-ақ, бұл сүре Тәббәт сүресі деп те аталады. Сүре бес аяттан тұрады. Қазақша мағынасы: 1. Әбу Ләһәбтің екі қолы құрысын! Құрыды да. 2. Мал-дүниесі мен кәсіп қып тапқандары оған пайда бермеді. 3. Келешекте лаулап жанған отқа түседі. 4. Оның әйелі отқа отын арқалап кіреді. 5. Мойнына оттан өрілген арқан тағылады.

Толығырақ ...

Нас сүресінің тәпсірі туралы не білеміз?

Нас сүресі – Құран Кәрімнің 114-ші, яғни ең соңғы сүресі. Көпшілік ғалымдар бұл сүренің Меккеде түскенін айтады. Оны Мәдинада түсті деп есептейтін ғалымдар да бар.

Нәс сүресі сүреде бес рет қайталанатын ән-Нас сөзімен байланысты Нас деп аталған. Ол өзінің алдындағы Фәләқ сүресімен бірге түскен. Алты аяттан тұрады.

Толығырақ ...

Ықылас сүресінің түсірілу тарихы

Ықылас сүресі – Меккеде түскен, мұсхафтағы реті бойынша Құран Кәрімдегі жүз он екінші сүре. Сүредегі аят саны – төртеу.

Ықылас сүресінің бірнеше атауы бар. Солардың ішінде сүре атауы ретінде Құранға енгені  – Ықылас. «Ықылас» сөзі тілдік тұрғыдан белгілі бір істі кіршіксіз таза күйде ұсыну, атқару деген мағынаны білдіреді. Оның «ықылас» деп аталуына келер болсақ, бұл сүреде бүкіл кемшіліктен пәк, ешбір серігі жоқ Алла тағаланың жалғыздығы туралы баяндалады. Яғни, Алла тағаланы кемшілік сипаттардан тазартып, Жаратушы сипатттарын тап-таза кіршіксіз күйде жалғыз Аллаға телу мәселесі көтеріледі. Ықылас сүресі осы мағынасына орай «әт-Тафрид», «әт-Тәжрид» және «әт-Таухид», сондай-ақ Аллаға серік қосудан немесе адамзатты тозақ отынан сақтауына байланысты «ән-Нажат», дін негіздері тақырыбын қамтуымен байланысты «әл-Әсәәс» деп те аталады.

Толығырақ ...
Толығырақ ...

Құран аяттары туралы не білеміз?

 Аят сөзі араб тілінде «мұғжиза», «ишарат», «анық белгі», «дәлел», сондай-ақ «ғибрат» деген мағыналарды білдіреді. Аят сөзі Құран Кәрімде аталмыш мағынада жекеше түрде 84, ал көпше түрде 148 жерде кездеседі.

Толығырақ ...

Құран Кәрім кім үшін түсірілді?

Құран Кәрім – асыл дініміздің қайнар көзі. Алла тағала Құранды Өзінің разылығына сай өмір сүруіміз үшін нұсқаулық ретінде түсірді. «Ант етейік, Біз Құранды түсіну үшін жеңіл қылдық. Түсініп, ғибрат алушы бар ма?» (Қамар, 17) дей отырып, оның аяттары жайлы ойлануға, мағынасын түсініп, тағылым алуға шақырады.

Толығырақ ...

Бақара сүресіндегі алғашқы бес аяттың тәпсірі

Бақара сүресінің артықшылықтары

 Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Бақара сүресінің артықшылықтарына байланысты төмендегідей хадистерді келтіреді: «Құраннан ұзақ қалып, үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар. Біліп қойыңдар! Шайтан Бақара сүресі оқылған үйден қашады» (Мүслим); «Бақара сүресін оқыңдар. Өйткені, оны оқу береке әкеледі. Ал, оны тәрк ету өкініш, қайғы әкеледі. Оған сиқыршылардың күші жетпейді» (Мүслим).

Толығырақ ...
Толығырақ ...

Бақара сүресінің соңғы екі аятының (285-286) тәпсірі

Аяттардың қазақша мағынасы

285Пайғамбар (с.ғ.с.) Раббысынан өзіне түсірілгенге иман келтірді. Мүминдер де иман келтірді. Олардың барлығы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына иман келтірді. Олар: «Біз ешбір пайғамбардың арасын бөлмейміз.

Толығырақ ...
Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу