maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Намаз көріністері жайлы хадистер 2

Намаз көріністері жайлы хадистер 2

Оң алақанын сол алақанының үстіне қойғанда, бас бармағы және кішкене саусағымен білезігін орап ұстайтын еді

حَدَّثَنَا الْحَسَنُ بْنُ عَلِىٍّ حَدَّثَنَا أَبُو الْوَلِيدِ حَدَّثَنَا زَائِدَةُ عَنْ عَاصِمِ بْنِ كُلَيْبٍ بِإِسْنَادِهِ وَمَعْنَاهُ قَالَ فِيهِ ثُمَّ وَضَعَ يَدَهُ الْيُمْنَى عَلَى ظَهْرِ كَفِّهِ الْيُسْرَى وَالرُّسْغِ وَالسَّاعِد

1. Бізге Хасан ибн Әли, бізге Абул Уалид, бізге Зәйд хадис айтты. Ол Асым ибн Кулайбтан оның санады мен мағынасымен риуаят етеді: «Сосын оң қолын сол алақанының білек буынына (білезік) қойды». Сунан Әбу Дәуід, 1/193, «Екі қолын көтеру» бабы. Бұл хадисті Ибн Хузайма сахихының «Оң алақанының ішін сол алақанының білегі мен буынының үстіне қою» бабында былай келтіреді: «Сосын Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам оң қолын сол қолының білегі мен буынының үстіне қойды». 1/243, 88‑бап, 480‑хадис.

 

Табарани былай риуаят еткен: «Намазда оң қолын сол қолына, алақанының буынының тұсына қойды». Ат‑Талхисул Хабир, 1/224, 332‑хадис.

Айни айтады: «Қолды байлау жайындағы екінші көзқарас – оң алақанының ішін сол алақанының буынына қою. Сонда буын алақанның ортасында болады».

Исбижаби айтады: «Әбу Юсуфтың рахматуллаһи алейһи көзқарасы бойынша оң қолымен сол алақанының буынын ұстайды».

Мұхаммед рахматуллаһи алейһи айтады: «Оны тура осылай қояды және сол алақанының буыны оң алақанының ортасында болады».

«Муфид» кітабында былай дейді: «Алақанының буынын басбармақ пен кішкене саусақпен орап ұстайды. Ең дұрысы – осы».

«Дираяда» былай делінеді: «Сол қолының білезігін оң алақанымен ұстайды. Бұны Имам Шафиғи мен Ахмад рахматуллаһи алейһума айтқан».

Әбу Юсуф пен Мұхаммед (Әбу Ханифаның рахматуллаһи алейһи ең үлкен шәкірттері) басқа бір риуаятта былай дейді: «Бармақтарының ішін алақанының буынына қояды, буынын ұстамастан тіке қояды. Ғалымдардың көбі осы екеуін қосып, оң алақанының ішін сол алақанының үстіне қоюды әрі басбармағы мен кішкентай саусағымен орап ұстауды дұрыс көрген». Умдатул Қари 2/15.

Сосын: «Субхаанакаллааһумма уа бихамдик уа табаарокасмук уа тағаала жаддук уа лаа илааһа ғойрук» дейтін

عن أنس عن النبي صلى الله عليه و سلم أنه كان إذا كبر رفع يديه حتى يحاذي أذنيه يقول سُبْحانَكَ اللَّهُمَّ وبِحَمْدِكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَتَعالى جَدُّكَ، وَلاَ إلهَ غَيْرُك

1. Әнастан (р.а.) риуаят етіледі: «Нәби саллаллаһу алейһи уа саллам тәкбір айтқанда екі қолын құлақтарының тұсына дейін көтеретін де «Субхаанакаллааһумма уа бихамдик уа табаарокасмук уа тағаала жаддук уа лаа илааһа ғойрук» дейтін». Табарани «Аусатта» келтірген. Хадистің риуаят етушілері – сиқалар.  (Мажмауз Зауаид 1/184).

عن عبد الله بن مسعود قال كان رسول الله صلى الله عليه و سلم يعلمنا إذا استفتحنا الصلاة أن نقول سُبْحانَكَ اللَّهُمَّ وبِحَمْدِكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَتَعالى جَدُّكَ، وَلاَ إلهَ غَيْرُكَ وكان عمر بن الخطاب يفعل ذلك وكان عمر يعلمنا ويقول كان رسول الله يقوله

2. Абдулла ибн Масғұдтан риуаят етіледі: «Расулулла саллаллаһу алейһи уа саллам намазды бастағанымызда «Субхаанакаллааһумма уа бихамдик уа табаарокасмук уа тағаала жаддук уа лаа илааһа ғойрук» деу керектігін үйрететін. Омар ибн Хаттаб (р.а.) та бізге намазды үйреткенде «Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам осылай айтатын» деп айтатын»,-деген». Табарани «Аусатта» келтіреді. (Мажмауз Зауаид 1/184).

Кейін «әғузу» бен «бәсмәланы» іштей айтатын

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ : قَالَ : صَلَّيْت خَلْفَ النَّبِيِّ - صلى الله عليه وسلم - وَخَلْفَ أَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ وَعُثْمَانَ فَكَانُوا لَا يَجْهَرُونَ بِبِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

1. Әнас ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етіледі: «Пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уа саллам, Әбу Бәкір, Омар, Осман (р.анһум)-дардың артында намаз оқыдым. Олар «Бисмиллаһир рахманир рахимді» дауыстап айтпайтын». Насаи Мунтақо 2/89.

عَنْ عِكْرِمَةَ , عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، رَضِيَ اللهُ عَنْهُمَا: فِي الْجَهْرِ بِ بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ  قَالَ: " ذَلِكَ فِعلُ الْأَعْرَاب

2. Икрима Ибн Аббастан жеткізеді «Бисмиллаһир рахманир рахимді» дауыстап айту жайлы: «Бұл – ағробидің (шөл арабы) ісі». Тахауи риуаяты, санады – хасан. (Асарус Сунан 1/74).

عَنْ أَنَسٍ ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يُسِرُّ بِبِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ ، وَأَبُو بَكْرٍ ، وَعُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا.

3. Әнастан (р.а.) риуаят етіледі: «Расулулла саллаллаһу алейһи уа саллам, Әбу Бәкір, Омар (р.анһума) «Бисмиллаһир рахманир рахимді» іштей айтатын еді. Табарани «Аусатта» келтірген. Хадистің риуаят етушілері – сиқалар. (Мажмауз Зауаид 1/185). 

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ، قَالَ: صَلّيْتُ خَلْفَ النّبِيّ صلى الله عليه وسلم، وَأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ وَعُثْمَانَ. فَكَانُوا يَفْستَحُتونَ بِالْحَمْدُ لله رَبّ الْعَالَمِينَ. لاَ يَذْكُرُونَ بِسْمِ الله الرّحْمَنِ الرّحِيمِ. فِي أَوّلِ قِرَاءَةٍ، وَلاَ فِي آخِرِهَا.

4. Әнас ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етіледі: «Нәби саллаллаһу алейһи уа салламның, Әбу Бәкір, Омар, Осман (р.анһум)-дардың артында намаз оқыдым. Олар: «Әлхамду лиллаһи роббил аламинмен» бастайтын, қырағаттың басында да, ақырында да «Бисмиллаһир рахманир рахимді» айтпайтын». Муслим 1/172.

عن قَتَادَةَ عن أَنَسٍ بْنِ مَالِكٍ أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَأَبَا بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا كَانُوا يَفْتَتِحُونَ الصَّلَاةَ بِ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

5. Қатада Әнас ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етеді: «Нәби саллаллаһу алейһи уа саллам, Әбу Бәкір, Омар (р.анһума)-лар намазды «Әлхамду лиллаһи роббил аламинмен» бастайтын еді». Бұхари риуаяты. (Азан бөлімі 1/103).

قَتَادَةَ يُحَدّثُ عَنْ أَنَسٍ قَالَ: صَلّيْتُ مَعَ رَسُولِ الله صلى الله عليه وسلم، وَأَبِي بَكْرٍ، وَعُمَرَ، وَعُثْمَانَ، لَمْ أَسْمَعْ أَحَداً مِنْهُمْ يَقْرَأْ بِسْمِ اللّهِ الرّحْمَنِ الرّحِيمِ.

6. Қатада Әнас ибн Мәліктен (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам, Әбу Бәкір, Омар, Осман (р.анһум)-дармен бірге намаз оқыдым. Олардың ешбірінің «Бисмиллаһир рахманир рахимді» оқығанын естімедім». Муслим 1/172.

Бұл хадистер «бәсмәланы» іштей айту сүннет екеніне дәлел болады.

حدثنا أحمد بن منيع حدثنا إسمعيل بن إبراهيم حدثنا سعيد بن إياس الجريري عن قيس بن عباية عن ابن عبد الله بن مغفل  قَالَ : سَمِعَنِي أَبِي وَأَنَا أَقُولُ : بِسْمِ الله الرَّحَمِن الرَّحِيمِ ، فَقَالَ : أَيْ بُنَيِّ ، مُحْدِثٍ إِيَّاكَ وَالْحَدْثَ قَالَ : فَلَمْ أَرَ أَحَدًا مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ الله صَلَّى الله عَلَيه وسَلَّم كَانَ أَبْغَضَ إِلَيْهِ الْحَدَثُ فِي الإِسْلاَمِ مِنْهُ ، قَالَ : وَقَدْ صَلَّيْتُ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى الله عَلَيه وسَلَّم وَمَعَ أَبِي بَكْرٍ ، وَمَعَ عُمَرَ ، وَمَعَ عُثْمَانَ فَلَمْ أَسْمَعْ أَحَدًا مِنْهُمْ يَقُولُهَا فَلاَ تَقُلْهَا ، إِذَا أَنْتَ صَلَّيْتَ فَقُلِ : {الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ}

7. Бізге Ахмед ибн Муниғ айтты, бізге Исмаил ибн Ибраһим айтты, бізге Сағид Журайри айтты. Ол Қайс ибн Абаядан, ол Ибн Абдулла ибн Муғаффалдан риуаят еткен: «Менің намазда «Бисмиллаһир рахманир рахим» дегенімді әкем есітіп: «Балам, бұл – бидғат, бидғаттан сақтан! Пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уа саллам сахабаларының қай бірін көрген болсам, бәрі де бидғатты өте жаман көретін еді. Пайғамбарымызбен саллаллаһу алейһи уа саллам, Әбу Бәкір, Омар, Осман (р.анһум)-дармен бірге намаз оқыдым. Олардың ешбірінің де бұны айтқанын естімедім. Сен де оны айтпа! Намаз оқығаныңда «Әлхамду лиллаһи роббил аламинді» айт»,-деді. Термизи  1/33. Термизи айтади: «Абдулла ибн Муғаффалдың хадисі – хасан».

Пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уа саллам сахабаларының ішіндегі ең ілімділерінің амалы осындай болатын. Олардың арасында Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (р.анһум) және басқа да сахабалар бар. Олардан кейінгі табиғиндер де солардың қатарынан. Суфиян Саури, Ибн Мубарак, Ахмад және Исхақтар осылай айтқан. Олар «Бисмиллаһир рахманир рахимди» дауыстап айтуды жөн көрмеген. Керісінше оны «іштей айтады» деп айтқан.

Риуаят етушілердің дәрежелері:

1. Ахмед ибн Муниғ: Сиқа Хафиз, мухаддистерден. «Тақриб» 7‑бет.

2. Сағид Журайри: Сиқа, мухаддистерден. «Тақриб» 69‑бет.

3. Қайс ибн Абая: Үшінші дәрежедегі сиқа. Әбу Дәуідтің рауилерінен. «Тақриб» 173‑бет.

4. Ибн Абдулла ибн Муғаффал: Оның есімі – Язид, төрт мухаддистің рауилерінен. Хафиз «Тахзибта» былай дейді: «Оның есімі – Язид, оның осы кісі екені Харисаның «Әбу Ханифаның муснады» еңбегінен белгілі болды». 12/302.

Осы хадистерден байқағанымыздай, «бәсмәланы» іштей айту Пайғамбарымыздан саллаллаһу алейһи уа саллам жамағатқа мирас болып қалған. Олар бұны өздерінен кейінгілерге мирас етіп қалдырған. Осы жағдай «бәсмәланы» жария айту емес, керісінше іштей айту сүннет екенін білдіреді. Таңғы, кешкі намаздар жария оқылады, егер Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам «бәсмәланы» дауыстап оқығанда, барлығы бұдан хабардар болар еді.

Ибн Қайюм Жаузия айтады: «Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам «Бисмиллаһир рахманир рахимді» кейде дауыстап айтатын еді, бірақ көбінесе іштей айтатын. Күмәнсіз, Ол кісі саллаллаһу алейһи уа саллам «Бисмиллаһир рахманир рахимді» сапарда да, тұрақты кезде де, ертелі-кеш, бес уақыт дауыстап айтпаған». 

«Бәсмәланы» іштей оқу жайында хадистер көптеп жеткен және бұл оның сүннет екеніне дәлел болады. Сонымен қатар бұл хадистер «бәсмәланың» Фатиха немесе басқа да сүрелердің аяты емес екеніне де дәлел болады. Себебі егер «бәсмәла» сүрелердің басындағы аяты болса, іштей оқылмас еді. Құран сүрелері жасырын-жария айтуда бір үкімде.

Енді «бәсмәланы» дауыстап айту жайындағы хадистерге тоқталып, Алланың қалауымен жауап беріп өтемін.

Осы хадистердің бірі «Мажмауз зауаидта» келген:

عن بن عباس قال كَانَ النَّبِيّ - صلى الله عليه وسلم - يجهر  ببسم الله الرحمن الرحيم

 (1/185) Ибн Аббастан (р.анһума) риуаят етіледі: «Нәби саллаллаһу алейһи уа саллам «Бисмиллаһир рахманир рахимді дауыстап оқитын еді». Осы хадисті Баззар «Муснадында» Муғтамир ибн Сүлейменнен риуаят еткен.

«Бізге Исмайыл айтты. Ол Әбу Халидтен, ол Ибн Аббастан риуаят еткен».

Исмайыл хадисте күшті емес. Бұл хадисті Әбу Дәуід «Сунанында», Термизи «Жамиғында» осы санадпен, Дарақутни да «Сунанында» келтірген. Олардың бәрі «Намазын «Бисмиллаһир рахманир рахиммен» бастайтын еді» деп айтқан.

Термизи: «Бұның санады ол емес»,-деген.

Әбу Дәуід «хадис – әлсіз» деген.

Уқайли осы хадисті кітабында келтіріп, Исмайылдың иллатын (әлсіз тұсын) айтып өткен және «Оның хадисі махфуз емес» деген.

Әбу Халид – мажһул (белгісіз). «Бәсмәланы» дауыстап айту жайлы сахих муснад хадис жоқ. Бұл «Умдатул Қарида» да келген. 2/25.

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ، قَالَ:كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا قَرَأَ: بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ، هَزِئَ مِنْهُ الْمُشْرِكُونَ، وَقَالُوا: مُحَمَّدٌ يَذْكُرُ إِلَهَ الْيَمَامَةِ، وَكَانَ مُسَيْلِمَةُ يَتَسَمَّى الرَّحْمَنَ فَلَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الآيَةُ أُمِرَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ لا يَجْهَرَ بِهَا.

Ибн Аббастан (р.анһума) риуаят етіледі: «Пайғамбар саллаллаһу алейһи уа саллам «Бисмиллаһир рахманир рахимді» айтса, мүшріктер «Мұхаммед Ямаманың құдайын айтып жатыр» деп үстінен күлетін. Мусайламаны «Ар-рахман» деп атайтын. Кейіннен аятпен «бәсмаланы» дауыстап айтпауға бұйырылған». Табарани «Кабирде», «Абсатта» келтіреді. Риуаят етушілері – сиқалар. (Мажмауз зауаид, «Бисмиллаһир рахманир рахим» бөлімі, 1/185).

Хадис «бәсмәланың» әуелгі кезде дауыстап айтылғанына және бұл Исра сүресінің 110-аятымен насых болғанына (үкімі жойылған) дәлел болады.

Исхақ ибн Рахауайх «Муснадында» мына хадисті келтіреді:

فَقَالَ : أنبا  يَحْيَى بْنُ آدَمَ  , أنا  شَرِيكٌ  , عَنْ  سَالِمٍ الأَفْطَسِ  , عَنْ  سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ  , قَالَ : " كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ  يَجْهَرُ بِبِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ , يَمُدُّ بِهَا صَوْتَهُ , وَكَانَ الْمُشْرِكُونَ يَهْزَءُونَ مكاء ، وتصدية ، ويقولون : يذكر إله اليمامة ، يعنون مسيلمة ، ويسمونه : الرحمن ، فأنزل الله تعالى : ولا تجهر بصلاتك

«Бізге Яхя ибн Адам айтты, бізге Шарик айтты, ол Сәлим Афтостан, ол Сағид ибн Жубайрдан риуаят етеді: «Расулулла саллаллаһу алейһи уа саллам «Бисмиллаһир рахманир рахимді» дауыстап созып айтатын. Мүшріктер «Ямаманың құдайын айтып жатыр» деп қол соғып масқаралайтын. Олар Мусайламаны «Рахман» деп атайтын. Сонда Алла тағала «Намазда жариялап оқыма» деген аятты түсірді». Бұл – мурсал хадис, риуаят етушілері – «Сахихтың» рауилері.

Зайлағи «Танқиқтың» иесінен риуаят етіп, шафиғилер дәлел ретінде алған хадистерін келтірген соң былай дейді: «Осы хадистердің барлығын нақыл ілімін білетін кісінің бұл жайында келген сахих хадистерге қарсы қоюы жақсы емес... Біздің шейхтарымыз айтады: «Дарақутни Мысырға келгенде мысыр тұрғындарының кейбірі жария айту жайында хадис келтіруін сұрады. Ол кісі бұл жайында бірнеше хадистерді баяндады. Оның алдына мәликилер келіп, бұлардың арасындағы сахихтерін айтуын сұрады. Сонда ол кісі: «Дауыстап айту жайындағы келген ешбір хадис сахих емес»,-деді».

«Жария айту жайындағы хадистердің» мағынасы жайлы екі түрлі көзқарас бар:

1. Үйрету үшін дауыстап айтқан;

2. «Бұл мәліметтер жасырын айту жайлы бұйрықтан алдын айтылған»,-дейді. Қорытындысы – осы, Алла білуші.

عن بكر بن عبد الله المزني، قال: " صليت خلف عبد الله بن الزبير فكان يجهر ببسم الله الرحمن الرحيم وقال:ما يمنع أمراءكم أن يجهروا بها إلا الكبر "

«Зайлағида» (1/188) Бакір ибн Абдулла Музанидан риуаят етіледі. Ол былай деді: «Абдулла ибн Зубайрдың артында намаз оқыдым. Ол «Бисмиллаһир рахманир рахимді» жария айтатын және ол: «Әмірлеріңіздің оны жария айтуға тыйым салғаны – тәкаппарлық себепті»,-дейтін. Хатиб риуаяты.

Ибн Абдулхади: «Оның санады – сахих, бірақ бұнда үйрету мағынасында айтылған. Адамдардың көбі «бәсмәланы» оқу бидғат деп ойлап қалды. Себебі әділетті халифалардың өзі жасырын айтатын. Сонда оларға «бәсмәланы» оқу сүннет екенін үйрету үшін сахабаларының кейбірі жария оқыған. Бірақ мұны ардайым жасамаған»,-дейді.

حَدَّثَنَا أَبُو هُرَيْرَةَ، كَانَ النَّبِيُّ - صلى الله عليه وسلم - إِذَا نَهَضَ فِي الرَّكْعَةِ الثَّانِيَةِ اسْتَفْتَحَ بِالْحَمْدِ لِلَّهِ وَلَمْ يَسْكُتْ

 Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Нәби саллаллаһу алейһи уа саллам екінші ракағатқа тұрса, «Әлхамду лиллаһи роббил аламинмен» бастайтын, үндемей тұрмайтын». Муслим және Тахауи риуаяты (Умдатул Қари 2/25).

 «Бәсмәланының» Фатиханың аяты емес екені белгілі болды. Ол Құран Кәрімнің жеке бір аяты. Әрбір ракағаттың басында сақтық жүзінде айтылуы тиіс. Тартыстан шығу жолы – осы. Себебі кейбір асарларда оның Фатиханың аяты екені айтылған. Фатиха мен қосымша сүренің арасында «бәсмәланы» айту мәкрүһ емес, керісінше жасырын-жария оқылатын намаздардың бәрінде айту жақсы. Кімде-кім Фатиха мен қосымша сүренің арасында «бәсмәланы» айтса, түрлі хадистерді біріктірген болады. Барлық хадиске амал ету мүмкін болғанда оны жүзеге асыру, Пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уа саллам кейбір хадисін алмаудан жақсырақ.  

 Абышев Әскен

Медиа

Жоғарыға