maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Намаз көріністері жайлы хадистер

Намаз көріністері жайлы хадистер

Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уа саллам намазды бастауды қаласа ниет ететін еді

عن عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ إِنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّةِ وَإِنَّمَا لِامْرِئٍ مَا نَوَى فَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ فَهِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ وَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلَى دُنْيَا يُصِيبُهَا أَوْ امْرَأَةٍ يَتَزَوَّجُهَا فَهِجْرَتُهُ إِلَى مَا هَاجَرَ إِلَيْهِ

1. Омар (р.а.)-дан марфуғ түрде риуаят етіледі: «Расулуллаһтың саллаллаһу алейһи уа саллам былай дегенін  естідім: “Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударатын болса, онда ол Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударған болып табылады. Ал кім қол жеткізетін дүние немесе үйленетін әйел үшін қоныс аударса, онда ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)”,-деген.

Бұл хадисті «Сахих» иелері келтірген. Имам Мәлік, Имам Мұхаммед ибн Хасан және Ахмед риуаятында да келген. “Назмул умаат”. 2/87. 

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بن مسعود رضي ا لله عنه قَالَ:"تَعَوَّدُوا الْخَيْرَ فَإِنَّ الْخَيْرَ بِالْعَادَةِ، وَحَافِظُوا عَلَى نِيَّاتِكُمْ فِي الصَّلاةِ".

2. Абдуллаһ (ибн Масғуд) (р.а.)-дан риуаят етіледі: «Жақсылық жасауға әдеттеніңдер, әлбетте жақсылық әдетпен болады. Намазда ниеттеріңізге сақ болыңыздар»,-деді. Бұл хадисті Табарани «Кабирде» келтірген. Оның рауилері – сахих. Мажмағуз зауаид 1/181.

Себебі намаз – ғибадат. Ғибадат – Алла үшін ықыласпен амал ету. Ал ықылас ниетпен пайда болады. Демек, намазда ниеттің шарт болуы – уәжіп. Иғлоус Сунан 2/149.

Ибн Қайюм Жаузия рахматуллахи алейһи айтады: «Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уа салламнан намазға кірер алдында «осы намазды оқимын» деген сахих хадис те, дағиф хадис те келмеген. Бірде-бір сахабадан да, табиғиннен де келмеген. Ол саллаллаһу алейһи уа саллам намазға тұрса, тәкбір айтатындығы келген. Бұлай (тілмен мына намазды оқимын деп айту –бидғат)».

Кейбір ғалымдар ниетті тілмен айту – мубах деген. Себебі мұнда жүректегі амалды қуаттау бар. Омар (р.а.)-дың дауыс шығарып ниет еткен кісіні ескерткені бар. Себебі ол кісі ниетті дауыстап айтып, басқалардың ойын бөлген болатын. Негізінде, өзі еститін дәрежеде тілмен ниет етудің еш зияны жоқ. Табиғиндерден кейінгі дәуірде жүректер көп нәрсемен әуре болып қалды. Сол үшін ғалымдар жүректегі ниетті қуаттап алудың ешбір зияны жоқ деген.

Кейін екі қолын құлақтарының жұмсағына дейін көтеретін

عَنْ وَائِلِ بْنِ حُجْرٍ أَنَّهُ رَأَى النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَفَعَ يَدَيْهِ حِينَ دَخَلَ فِي الصَّلَاةِ وَكَبَّرَ )وصف حمام حيال اذنيه) رَوَاهُ أَحْمَدُ وَمُسْلِمٌ

1. Уайл ибн Хужрдан риуаят етіледі. Ол Нәби саллаллаһу алейһи уа салламның намазды бастап жатқанда екі қолын көтеріп тәкбір айтқанын көрген екен. (Рауилердің бірі Хаммам екі қолын құлағының тұсына дейін көтеріп, сипаттап берді). Ахмед және Муслим риуаяты. 1/173.

عَنْ مَالِكِ بْنِ الْحُوَيْرِثِ أَنّ رَسُولَ اللّهِ صلى الله عليه وسلم كَانَ إِذَا كَبّرَ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتّى يُحَاذِيَ بِهِمَا أُذُنَيْهِ.  وَفِى رِوَايَةٍ أُخْرَى حَتَّى يُحَاذِىَ بِهِمَا فُرُوعَ أُذُنَيْهِ

2. Мәлік ибн Хуайристан риуаят етіледі: «Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уа саллам (намазға кірерде) тәкбір айтса, екі қолын екі құлағының тұсына дейін көтеретін еді». Басқа риуаятта «екі қолын екі құлағының жұмсағына дейін көтеретін еді» делінген. Имам Мәлік риуаяты 4/168. (Асарус Сунанда 1/163 да келген).

Кейін тәкбір айтатын

عَنْ عَلِىٍّ رضى الله عنه قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ -صلى الله عليه وسلم- « مِفْتَاحُ الصَّلاَةِ الطُّهُورُ وَتَحْرِيمُهَا التَّكْبِيرُ وَتَحْلِيلُهَا التَّسْلِيمُ 1. Әли (р.а.)-дан риуаят етіледі: «Нәби саллаллаһу алейһи уа саллам:  «Дәрет – намаздың кілті, тахримасы – тәкбір, тахлилі (бітірушісі)  – сәлем»,-деген». Термизи риуаяты. Хаким мен Ибн Сакан бұл хадисті «сахих» деген.

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بن مسعود رضي ا الله عنه قَالَ : مِفْتَاحُ الصَّلاَةِ التَّكْبِيرُ ، وَانْقَضَاؤُهَا التَّسْلِيمُ.

2. Абдуллаһ ибн Масғұд (р.а.)-дан риуаят етіледі: «Намаздың кілті – тәкбір, бітірушісі – сәлем»,-деген. Бұны Әбу Нуайм «Намаз» бөлімінде риуаят еткен. Хафиз «Талхиста» хадистің санады «сахих» деген. (Асарус Сунан 1/63).

Қолдарын көтергенде саусақтарының арасын ашатын еді, бірақ тым қатты ашпайтын да, біріктіріп те алмайтын, алақанының ішін қыбылаға қарататын

عَنْ سَعِيدِ بْنِ سَمْعَانَ قَالَ : دَخَلَ عَلَيْنَا أَبُو هُرَيْرَةَ مَسْجِدَ بَنِى زُرَيْقٍ فَقَالَ : ثَلاَثٌ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ -صلى الله عليه وسلم- يَعْمَلُ بِهِنَّ تَرَكَهُنَّ النَّاسُ ، كَانَ إِذَا قَامَ إِلَى الصَّلاَةِ قَالَ هَكَذَا ، وَأَشَارَ أَبُو عَامِرٍ بِيَدِهِ وَلَمْ يُفَرِّجْ بَيْنَ أَصَابِعِهِ وَلَمْ يَضُمَّهَا.

1. Саид ибн Самған айтады: «Бәни Зурайқ мешітінде біздің алдымызға Әбу Һурайра кіріп келіп былай деді: «Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уа саллам істеп жүретін үш нәрсе бар еді, адамдар оны тәрк етуде: Намазға тұрғанда былай айтатын»,-деді». Әбу Әмір қолымен көрсетті, саусақтарының арасын қатты ашып та жібермеді, қатты біріктірмеді де». Хаким «Мустадракта» келтіріп, «санады – сахих» деген. Бұны екі шейх (Бұхари мен Муслим) келтірмеген.

عن أبي هريرة كَانَ النَّبِي صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم  ينشر أَصَابِعه فِي الصَّلَاة نشرا "

2. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уа саллам намазда саусақтарын өз халінше жаятын (еркін ұстайтын)». Хаким «Мустадракта» келтірген 1/235.

Сосын оң алақанын сол алақанының үстіне қойып, кіндік астына байлайтын

أخبرنا يزيد بن هارون قال أخبرنا الحجاج بن حسان قال : سمعت أبا مجلز أو سألته قلت : كيف يضع قال يضع باطن كف يمينه على ظاهر كف شماله ويجعلهما أسفل عن السرة

1. Бізге Язид ибн Харун айтты, бізге Хажжаж ибн Хасан айтты: «Әбу Мужалластан естідім немесе: «(Екі қолды) қалай қояды?»-деп сұрадым. Ол: «Оң алақанының ішін сол алақанының үстіне қояды және екеуін кіндік астына байлайды»,-деді. Ибн Әбу Шайба риуаят қылған. 1/390, 391. Бұны Байхақи «Китабул жауһар ән-Нақида келтірген. 2/21.

حَدَّثَنَا وَكِيعٌ ، عَنْ رَبِيعٍ ، عَنْ أَبِي مَعْشَرٍ ، عَنْ إبْرَاهِيمَ ، قَالَ : يَضَعُ يَمِينَهُ عَلَى شِمَالِهِ فِي الصَّلاَةِ تَحْتَ السُّرَّةِ

2. Бізге Уақиғ Робиғтан риуаят етті. Ол Әбу Мағшардан, ол Ибраһимнен (бұл кісі Ибраһим Нахаи атымен танылған табиғин) риуаят қылады: «Ол намазда оң қолын сол қолының үстіне, (екеуін) кіндік астына байлайтын». Ибн Әбу Шайба риуаяты. Хадистің дәрежесі – хасан. Асарус Сунанда да келтірілген. 1/71.

حَدَّثَنَا مُحَمَّدُ بْنُ مَحْبُوبٍ حَدَّثَنَا حَفْصُ بْنُ غِيَاثٍ عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ إِسْحَاقَ عَنْ زِيَادِ بْنِ زَيْدٍ عَنْ أَبِى جُحَيْفَةَ أَنَّ عَلِيًّا - رضى الله عنه - قَالَ السُّنَّةُ وَضْعُ الْكَفِّ عَلَى الْكَفِّ فِى الصَّلاَةِ تَحْتَ السُّرَّةِ.

3. Бізге Мұхаммед ибн Махбуб айтты, бізге Хафс ибн Ғияс айтты, ол Абдурахман ибн Исхақтан, ол Зияд ибн Зайдтан, ол Әбу Жухайфадан риуаят еткен: «Али (р.а.) айтты: «Намазда алақанды алақанның үстіне қойып, кіндік астына байлау – сүннет. Әбу Дәуід. 1/201.

Сахабаның «Осы нәрсеге бұйырылғанбыз» немесе «Бұл нәрседен қайтарылдық» және «Бұл – сүннет» деген сөздері марфуғ (Пайғамбарымызға саллаллаһу алейһи уа саллам телінген сөздер, істер, құптаулары және сипаты)  болып есептеледі.

حَدَّثَنَا وَكِيعٌ ، عَنْ مُوسَى بْنِ عُمَيْرٍ ، عَنْ عَلْقَمَةَ بْنِ وَائِلِ بْنِ حُجْرٍ ، عَنْ أَبِيهِ ، قَالَ : رَأَيْتُ النَّبِيَّ صلى الله عليه وسلم وَضَعَ يَمِينَهُ عَلَى شِمَالِهِ فِي الصَّلاَةِ تَحْتَ السُّرَّةِ.

4. Бізге Уақиғ айтты, ол Мұса ибн Умайрдан, ол Алқама ибн Уайл ибн Хужрдан, ол әкесінен риуаят еткен: «Нәби саллаллаһу алейһи уа салламның намазда оң қолын сол қолының үстіне қойып, кіндік астына байлағанын көрдім». Бұны Ибн Әбу Шайба шығарған. Хадисті риуаят еткендер – сиқалар (шыншыл). (Ибн Әбу Шайба, “Мусаннаф” 1/390).

Термизиді шархтаған Шейх Әбу Тиб айтады: «Бұл хадис санад (риуаят етушілердің тізбегі) жағынан да, мәтін жағынан да – сахих. Бұл дәлел бола алады». Шейх Абид Сунди «Тауамул Ануарда» айтады: «Бұл хадистің рауилері – сиқалар». 

Шейх Зафар Ахмед Османи «Иғлоус Сунан» кітабында былай дейді: «Хадистің риуаят етушілері – Муслим риуаят еткен кісілер, тек Мұса ибн Умайр Насаидің рауиі, ол да сиқа. Алқама ибн Уайл ибн Хужр әл-Куфи – Муслимнің рауиі, ол – сиқа содуқ». 2/171

 Әбу Тохир риуаят еткен хадис жайлы:

أخبرنا أبو طاهر نا أبو بكر نا أبو موسى نا مؤمل نا سفيان عن عاصم بن كليب عن أبيه وَعَنْ وَائِلِ بْنِ حُجْرٍ - رضي الله عنه: " صليت مَعَ رَسُول الله صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَوضع يَده الْيُمْنَى عَلَى يَده الْيُسْرَى عَلَى صَدره

«Бізге Әбу Тохир айтты, бізге Әбу Бәкір айтты, бізге Әбу Мұса айтты, бізге Муаммал айтты, бізге Суфиян айтты. Ол Асим ибн Кулайбтан, ол әкесінен, ол Уайл ибн Хужрдан (р.а.) риуаят еткен: «Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уа салламмен намаз оқыдым. Ол оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына қойды». Ибн Хузайма риуаяты. «Сахих Ибн Хузайма». 1/242.

 Насруддин Албани Ибн Хузайманың «Сахихына» жазған ескертуінде бұл хадис жайлы былай дейді: «Хадистің санады – дағиф. Себебі Муаммал ибн Исмайылдың жаттау қабілеті нашар болатын. Бірақ басқа жолмен келген осы хадистің мағынасында басқа хадис бар. Қолды көкірек тұсына қоюға байланысты бірнеше хадис келген».

Бірақ біз осы ол кісі айтқан әлсіз хадисті толықтыратын басқа жолмен жеткен бірде-бір хадис таба алмадық. Насруддин Албани бізге осы хадисті қуаттайтын бір хадис не бір жол болсын келтіре алар ма екен?! Ибн Әбу Шайбаның бұған қарсы мағынада хадис риуаят еткенін біле тұра, мұндай хадис не бір жолды келтіре алмаса керек.

حَدَّثَنَا وَكِيعٌ ، عَنْ مُوسَى بْنِ عُمَيْرٍ ، عَنْ عَلْقَمَةَ بْنِ وَائِلِ بْنِ حُجْرٍ ، عَنْ أَبِيهِ ، قَالَ : رَأَيْتُ النَّبِيَّ صلى الله عليه وسلم وَضَعَ يَمِينَهُ عَلَى شِمَالِهِ فِي الصَّلاَةِ تَحْتَ السُّرَّةِ.

Ибн Әбу Шайба рахматуллаһи алейһи айтады: «Бізге Уақиғ айтты, ол Муса ибн Умайрдан, ол Алқама ибн Хужрдан, ол атасынан риуаят еткен: «Нәби саллаллаһу алейһи уа салламның намазда оң қолын сол қолының үстіне қойып, кіндік астына байлағанын көрдім».

Осы санад жақсы. Уақиғ – ағламдардың бірі. Мұсаны Әбу Хатим «сиқа» деген. Насаи одан хадис келтірген. Алқамадан Бұхари «Рофғул ядайннің» бір бөлімінде хадис келтірген. Муслим де өзінің сахихында және төрт мухаддис те одан хадис келтірген. Ибн Хиббан оны «сиқа» деген. Ибн Хузайма өзінің сахихында келтірген әрбір хадиске «сахих» деп үкім берілмейді. Тек оның шартына сай «сахих» делінеді.

Ибн Қайим Жаузия рахматуллаһи алайһи  «Иғломул муқиғин» кітабының 2‑бөлім, 400‑беттегі 62‑мысалында «қолды көкірек тұсына қоюды» Муаммал ибн Исмайылдан басқа ешкім айтпағанын айтады. Демек, «қолды көкірек тұсына қою» қосымшасын тек Муаммал айтқаны анық болды. Ол кісі жайлы әртүрлі пікірлер бар. Мухаддистердің кейбірі оны «сиқа» деген.

Әбу Хатим рахматуллахи алейһи: «Ол – содуқ, сүннетке берік, бірақ қатесі көп»,-деген.  

Хадисте мүміндердің әмірі саналған Имам Бухари рахматуллаһи алейһи оны «мункар хадис» деген.

Кейбір мухаддистер былай деген: «Оның жазғандарын жасырып қойғанда хадисті жатқа айтты, бірақ қатесі көбейіп кетті».

Яқуб ибн Суфиян рахматуллаһи алейһи айтады: «Муаммал Әбу Абдуррахман – ұлы сунни шейх. Сулеймен ибн Харбтың оны мақтап жатқанын естідім. Біздің шейхтеріміз оны жақсы сипаттайтын еді. Тек оның хадисі басқалардың хадисіне ұқсамайтын еді. Кейде ілім иелеріне оның хадисін риуаят етуден сақтануы уәжіп болады. Себебі ол сиқа шейхтерден мункар түрде риуаят ететін, мұның қаупі күштірек. Егер ол мункарларды дағифтерден (әлсіз) риуаят еткенде, оның үзірін қабыл етсек болатын еді».

Мұхаммед ибн Наср ал‑Маруази айтады: «Егер бір хадистің риуаятында Муаммал жалғыз болса, ол хадисте тоқтап, оның дұрыстығын тексеру уәжіп. Себебі оның жаттау қабілеті нашар, көп қателесетін еді». 

Демек, егер сиқалардың арасында Муаммал жалғыз өзі болса, оның қосымшасы қабыл етілмейді. Солай екен, «көкірек тұсына қойды» деген қосымшасының ешбір маңызы жоқ.

Абышев Аскен

 

 

 

 

 

 

 

Медиа

Осы категориядағы басқа материалдар: « Куфа және Хадис ілімі Намаз көріністері жайлы хадистер 2 »
Жоғарыға