maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Құран мен хадис сабақтастығы

Ислам дінінің қос қайнар көзі – Құран мен хадис. Мұсылман дінінің Құраннан кейінгі негізі ол – хадис. Хадис сөзін сөзбе-сөз аударғанда  «жаңа сөз», «әңгіме» деген мағынан білдірсе, шариғатта «ұлағатты», «мағыналы сөздер» деген ұғымдарды да білдіреді.

Толығырақ ...

Пайғамбар (с.ғ.с) хадистері мен қазақ мақал-мәтелдері арасындағы сабақтастық

Қазақ халқының өмірінде Ислам дінінің маңызы зор. Шариғатпен біте қайнасқан салт-дәстүріміздің өзі – дәстүрлі қазақ дүниетанымының  Ислам дінімен ұштасып жатқандығына айқын дәлел.

Толығырақ ...

Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) келер заман туралы сахабалармен сұхбаты

Дана бабаларымыздың келер заманды болжайтын өлеңдері бар. Соларды оқып отырғанда бұл кісілер әлі болмаған замананың тынысын қайдан біледі деген ой келетін. Сөйтсек ол кісілер шариғат кітаптарындағы келешек туралы хабарларды жақсы талдаған екен ғой. Мысалы. Сондай өлеңдердің бірінде Бұқар жырау былай деп толғанады:

Толығырақ ...

Намаз көріністері жайлы хадистер 5

Кейін рукуғқа бара жатып тәкбір айтатын

عن عبد الله [ بن مسعود ] قال كان رسول الله صلى الله عليه و سلم يكبر في كل خفض ورفع وقيام وقعود و أبو بكر وعمر

1. Абдулла ибн Масғұдтан радиаллаһу анһу риуаят етіледі: «Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам әр еңкейгенде, көтерілгенде, тік тұрарда және отырарда тәкбір айтатын. Әбу Бәкір, Омар да». Термизи риуаяты 1/35. Хадис – хасан сахих.

Толығырақ ...

Намаз көріністері жайлы хадистер 4

Фатиханы оқыған соң, іштей «әмин» дейтін

عَن أبي هُرَيْرَة رَضِيَ اللَّهُ عَنْه أَن رَسُول الله  صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم قَالَ : " إِذا قَالَ الإِمَام : غير المغضوب عَلَيْهِم وَلَا الضَّالّين ؛ فَقولُوا : آمين ، ف فَإِنَّهُ مَنْ وَافَقَ تَأْمِينُهُ تَأْمِينَ الْمَلاَئِكَةِ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِه 

 Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: «Имам «Ғайрил мағдуби алейһим уа ладдооллин» десе, «әмин» деңдер, себебі кімнің әмин деуі періштелердің сөзіне сай келсе, оның өткен күнәлары кешіріледі»,-деді. Бұхари риуаяты. 1/190. Имамға ілесуші кісінің «әминді» жария айтуы жайындағы бап.

Толығырақ ...
Толығырақ ...

Намаз көріністері жайлы хадистер 2

Оң алақанын сол алақанының үстіне қойғанда, бас бармағы және кішкене саусағымен білезігін орап ұстайтын еді

حَدَّثَنَا الْحَسَنُ بْنُ عَلِىٍّ حَدَّثَنَا أَبُو الْوَلِيدِ حَدَّثَنَا زَائِدَةُ عَنْ عَاصِمِ بْنِ كُلَيْبٍ بِإِسْنَادِهِ وَمَعْنَاهُ قَالَ فِيهِ ثُمَّ وَضَعَ يَدَهُ الْيُمْنَى عَلَى ظَهْرِ كَفِّهِ الْيُسْرَى وَالرُّسْغِ وَالسَّاعِد

1. Бізге Хасан ибн Әли, бізге Абул Уалид, бізге Зәйд хадис айтты. Ол Асым ибн Кулайбтан оның санады мен мағынасымен риуаят етеді: «Сосын оң қолын сол алақанының білек буынына (білезік) қойды». Сунан Әбу Дәуід, 1/193, «Екі қолын көтеру» бабы. Бұл хадисті Ибн Хузайма сахихының «Оң алақанының ішін сол алақанының білегі мен буынының үстіне қою» бабында былай келтіреді: «Сосын Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уа саллам оң қолын сол қолының білегі мен буынының үстіне қойды». 1/243, 88‑бап, 480‑хадис.

Толығырақ ...

Намаз көріністері жайлы хадистер

Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уа саллам намазды бастауды қаласа ниет ететін еді

عن عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ إِنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّةِ وَإِنَّمَا لِامْرِئٍ مَا نَوَى فَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ فَهِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ وَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلَى دُنْيَا يُصِيبُهَا أَوْ امْرَأَةٍ يَتَزَوَّجُهَا فَهِجْرَتُهُ إِلَى مَا هَاجَرَ إِلَيْهِ

1. Омар (р.а.)-дан марфуғ түрде риуаят етіледі: «Расулуллаһтың саллаллаһу алейһи уа саллам былай дегенін  естідім: “Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударатын болса, онда ол Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударған болып табылады. Ал кім қол жеткізетін дүние немесе үйленетін әйел үшін қоныс аударса, онда ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)”,-деген.

Толығырақ ...

Куфа және Хадис ілімі

(«Имам Абу Ханифаға хадис жетпеді» - дегендерге қарсы жауап)

Сахабалар мен табиғиндер заманында  Куфа қаласы хадис пен фиқх ілімінің ең үлкен орталығы мен қазынасы болды. Бұл қаланы Омар р.а ашқан еді. Жаңа мұсылмандардың тұрағы болғандықтан ол жаққа тәлім тәрбие берілуі айрықша қолға алынды. Сондықтан осы мекенге  сахабалардың көпшілігі қоныстанды. Омар р.а сол жаққа сахабалардың ең ілімдісі және ең фақихі болған Абдулла ибн Масғудті мұғалім, ұстаз етіп жіберді. Омардың р.а  Куфа халқына айтқаны: Мен сендерге Абдулланы өзімнен артық көрдім. Және Хазірет Абдулла жайынды Хузайфа ибн Йаманың мына сөзі мәшһүр: Пайғамбарымызға  с.ғ.с  мінезі, жұмсақтығы, кейіпі тұрғысынан  Абдулла ибн Масғудтан артық ұқсайтын ешкім болған емес. Омардың р.а  ол туралы  тағы бір айтқаны: «Көкірегі ілімге толы жан».

Толығырақ ...

ӘБУ ХАНИФАНЫҢ ДӘЛЕЛ КЕЛТІРУ ӘДІСІНДЕ СҮННЕТТІҢ ОРНЫ

Сүннетті шариғаттың қайнаркөзі ретінде қабыл ету тұрғысынан Әбу Ханифаның өзге ғалымдардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Ол өзінің бір сөзінде былай дейді: «Расулулланың айтқан сөздерін өз құлағымызбен естісек те, естімесек те қабыл етеміз. Оларға сенеміз және олардың тура Хз.Пайғамбардың айтқанындай екендігіне куәлік етеміз». Сондай-ақ Имам Ағзам шәкірті Осман әл-Бәттиге жазған хатында «Біліп қой, үйренген және адамдарға үйреткен нәрселеріңнің ең хайырлысы – сүннет» деп өсиет еткен [1, 66-б].

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу