maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Келіннің сәлем салуы шариғатқа қайшы ма?

Ұлттық болмысымызға тән ерекше рәсімнің бірі – келіннің үлкендерге құрмет көрсетіп, ізеттілікпен иіліп сәлем салуы. Мұны теріске шығару – ең алдымен, сауатсыздық. Бүгінгі ақпарат ғасырында дәстүрлі теріске шығару арқылы елдің тыныштығын алып, шырқын бұзу бәз біреулердің бірнеше жылдарды алға тастап жоспарлаған сұрқия саясаты болуы мүмкін. Негізгі мақсаты –  асыл дініміздің атын жамылып, халықтың арасына іріткі салу, жік-жікке бөлу. Ынтымағы жарасып, «берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» деген қазақ халқының ауызбіршілігін жойып, бір мұсылманды екінші бір мұсылманға айдап салумен ел ішінде шу шығарып, берекесіздікті өршіту, көздеген теріс  мақсаттарына қол жеткізу. Ол көздеген мақсаттары Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр жеріміз, Менделеевтің бүкіл элементі кездесетін географиялық байлығымыз болуы ықтимал.

Толығырақ ...

Мешіт әдебін сақтау – мұсылмандық парыз

Қазақ баласын қашан да (ұят, обал, сауап болады деп) мұсылмандық санамен тәрбиелеген. Баршамыз Алланың үйінде мүмкіндігінше құлшылық жасауға жиыламыз. Десек те, Алланың үйінде басшыға бағынбай өз білгенімен амал жасайтындар да кездесіп жатады. Көшеде кездестіретін бүлікшіл оқиғаларды кей парасын мешіттерден де көретін жағдайға жеттік.

Толығырақ ...

Сәләфилік иедологияның ғылымға қарсы пікірі

«Жер ғаламшары домалақ пішінді және Ол өз осінен айналып тұрады» деген қағида заманауи ғылыммен нақты дәлелденген. Бұл мәселеде Құранмен және сүннетпен бірге Ислам ақидасында да ешқандай талас жоқ.

Толығырақ ...

Иман мәселесіндегі уаһабилік ұстаным қателігі

Дініміз бойынша «иман» сөзі сенім деген мағынаны білдіреді. Иман деп Алланың әмірлерін және Пайғамбардан (с.ғ.с.) жеткен хабарларды жүрекпен қабылдап, толық сенім білдіруді айтады.

Толығырақ ...

Адасқан бауырлар Алланы неге аспаннан іздейді?

Сәләфилік (уахабилік) идеология жетегінде жүрген бауырларымыз Құранда келген мұташабиһ (астарлы мағыналы) аяттарды зоһири (сыртқы) мағынасында түсінуге құмбыл. Ал, кейбір мұташабиһ аятттарды өздерінің ұстанымына ыңғайлап астарлы мағынасында қабылдайды. Құран аяттарын осылай өздеріне ұтымды, ыңғайлы түсіп, амал жасау Алланың бұйрығы бұйрығы ма, әлде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті ме?

Толығырақ ...

ӘЛИДІҢ МҰСЫЛМАН БОЛУЫ

Өткен бірнеше мақаламызда хазіреті Әлидің ерлігі, көркем мінезі, даналығы мен жалпы мұсылман үмбетінің арасындағы айырықша орны жайында айттық. Ол кісінің «Әбу Сибтейн» (пайғамбардың (с.ғ.с.) екі немересінің әкесі) және оның ақылы мен парасаттылығына сәйкес пайғамбар «Баб әл-илм» деп атағанына да тоқталдық. Сондай-ақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны «Әбу әл-Хасан» (Хасаннның әкесі), қарапайымдылығы үшін «Әбу туроб» (топырақ жастанған адам) сияқты есімдермен атады. Пайғамбар (с.ғ.с.) оны қатты жақсы көрді, оған мұсылмандық тәрбиені өзі берді.

Толығырақ ...

Мұса пайғамбардың өлген адамды тірілтуі

Мұса пайғамбардың дәуірінде Бәни Исрайыл ұрпақтарынан біреу малына қызығып, бір жақынын түнде өлтіріп кетеді. Оның кім өлтірегін білмей дауласқан олар өзара бір-бірімен соғысуға дейін барады. Арадағы дау ушыққан соң біреуі:

Толығырақ ...

Сәбиге таласқан ер мен әйелдің оқиғасы

Тіршілік бастауы  – әйел. Жазушы Ғабит Мүсірепов ағамыз өзінің қойын дәптерінде мынадай оймақтай ойларын түртіп қойыпты: «Ең жаман деген әйелдің қолынан адам жасау келеді». Әрине, ағамыз бұл жерде даналыққа тән тапқырлықпен сөйлеп отыр. Бұл жерде «Адам жасау» дегеніміз, адамды тұлға етіп қалыптастыру, батыр әрі отансүйгіш етіп тәрбиелеу деген мағыналарын қамтиды. Рас, әйелдің әлсізі жоқ, тек нәзігі бар. Олардың барлығы батыр, ержүрек. Өйткені, Алла тағала әйелді адам ұрпағын жалғастыратын ана құрметіне бөледі.

Толығырақ ...

ҰЯТ – ИМАННАН

«Ұят» – адамның айыпты істерді жасаудан бас тартуы. Ұятты адам бұзық істерге қатысты жиренішті сезімде болады. Ол болашақта абыройсыздыққа тап болудан қорқып, қандайда бір күнәлі, бұзақы істерден бас тартады.

Толығырақ ...

Исламда жан мен тәннің тазалығы тең

Жалпы жан мен тән мәселесі тек дін исламда емес, барлық діндер үшін басты орында тұрған дүние. Діннің басты мақсаты да – адам жанын бұл дүниеде қасірет пен қайғыдан, ал ақыретте тозақ азабынан сақтап қалу.  Тіпті антикалық дәуірдегі ойшылдардың өзі жанның тәннен жоғары тұратынын айтқан. Олар «жан тәнді билейді» деп топшылаған. Мысалы, Сократтың шәкірті Платон жан мен тән туралы былай деп айтқан: «Тән өлсе де жан өлмейді. Жан өлімсіз. Адамның тәні атарба болса, жан сол арбаның үстінде отырған адам, яғни жан, атарбаны жүргізіп отырған адам».

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу