maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Құрбан шалу тарихының бастау арналары

«Құрбан» – құлшылықпен Аллаға жақындау деген мағынаны білдіреді.

Құрбандық шалу тек қана мал союмен ғана шектеліп қоймайды. Бұл құлшылықта адамның шын пейілі мен ниеті, тақуалығы, діни бұйрықтарға деген бекемдігімен қатар, адамзатқа деген жанашырлығы әділет таразысына тартылып, пенденің жомарттығы мен сараңдығы қоса сыналатын аса маңызды ғибадат.

Толығырақ ...

Қажылық тарихы қалай басталды?

Құранда айтылған әрбір ғибадаттың адам мен қоғам үшін маңызы зор. Міне, сол ғибадаттардың бірі – қажылық. Ендеше қажылық ғибадатының адамзат үшін берер тәлімі мен тағлымы, оның мән-мағынасын Құран аяттарымен түсіндіріп өтелік. «...Жолға шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зиярат ету (қажылық қылу) – парыз. Ал кім қарсы келсе, Алла барлық әлемнен бай» (Әли-Имран сүресі, 3/97 - аят). 

Толығырақ ...

Азан шақыру – пайғамбардан (с.ғ.с.) қалған сара жол

Азан – барша мұсылман баласын бес уақыт парыз намазына шақырып, құлшылықты еске түсірер дінде маңызы бар ізгі амал. «Азан» сөзінің мағынасы парыз намазының уақыт кіргенін хабарлау немесе діндегі қасиетті зікір сөз.

Толығырақ ...

Әділдік – ізгіліктен

Әділдік – қоғам мүшелерінің ұстануы тиіс басты қағидасы. Себебі, қоғам мүшелері алуан түрлі ұлттар мен ұлыстар, діндер мен сенімдер иелері болғандықтан, бірін-бірінің құқығын шектемей дұрыс қатынаста болуды қамтамасыз ететін қасиет – әділдік.

Толығырақ ...

Бауырмалдық – дініміздің діңгегі

Махаббат – бауырластық мәселесіндегі ең маңызды қасиеттердің бірі. Сол себепті мұсылмандар өзін жақсы көргені сияқты басқаларын да жақсы көріп, оған жәрдем беруі тиіс. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендердің ешбірің өзі жақсы көрген нәрсесін бауыры үшін де жақсы көрмейінше толық иман келтірмейді», – деп айтқан [1]. Исламдағы бауырластықтың келесі қыры – бауырына демеу болу, оған жәрдем көрсету. Егер мұсылман бауыры қиын жағдайға тап болса, басқалары оған қолынан келгенше сөзімен және мүлкімен жәрдем көрсетеді.

Толығырақ ...

Құлшылық – жүрек дертінің емі

Адам денесінің әрбір мүшесі арнайы бір іс үшін жаратылған. Дене мүшесі сырқаттанып қалған жағдайда, оның орындауы тиіс әрекеті іске аспай қалады немесе қажетті деңгейде орындалмайды. Мысалы, адам қолмен барлық амалды жасайды, егер оның қолы ауырып қалса, онда ол бұл амалдардың барлығынан мақұрым қалып, қолы дерттен сауыққанша қолмен жұмыс жасау қабілетінен айырылады. Сол сияқты егер адамның көзі ауырып қалса, онда оның көру қабілеті нашарлайды немесе мүлдем көруден қалады.

Толығырақ ...

Ислам – террорлық емес, ғылым діні (математиканы ашқан ғалымдар туралы)

Араб тіліне аудару үшін мұсылман ғалымдары заманының өзекті мәселелерін қамтыған грек шығармаларын зерттеу бағытын ұстанды. Олардың әуелгі кезекте қолға алған кітаптары астрономия және медицина болды. Астрономия практикалық пән еді. Себебі бұл ғылым мұсылмандар үшін күніне бес мәрте жасалатын құлшылық үшін Меккенің бағытын анықтайды. Математика да практикалық маңызға ие болғандықтан бұған мұсылман ғалымдары қызығушылықпен кірісті. Араб ғалымдары алғашқы қадамдарын дәл осы салада жасады.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу